Ол қылмысты азайтуға бағытталған
Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо елде тапанша сатуға, сатып алуға және беруге тыйым салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС-қа сілтеме жасап.
«21 қазаннан бастап қысқа ұңғылы қаруды ұстауға тыйым салу күшіне енеді. Осы күннен бастап Канадада тапаншаларды сатып алу, сату немесе беру заңсыз болады», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл шешім атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыс санын азайту үшін қажет.
Мамыр айында Канада елде тапаншаға иелік етуге тыйым салатын заң жобасын енгізді.