Ақордада мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты тапсыру рәсімі өтіп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Республика күні мерекесін қайта жаңғыртуға не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Республика күні басты ұлттық мереке ретінде шын мәнінде жалпыхалықтық болуы керек. Мен азаматтардың Республика күні идеясын қандай ынтамен қабылдағанын көрдім. Барлық облыстарда салтанатты концерттер, ғылыми конференциялар, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар өткізіліп, патриоттық, еріктілік, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады», - деп атап өтті ол.
Президенттің айтуынша, аталған мерекенің идеялық мазмұны терең болуы керек.
«Біз бұл мерекені терең идеялық мазмұнмен және практикалық мәнмен толтыруымыз керек. Бізге Республика күнінің рухы мен мәнін барынша көрсететін жалпыұлттық бастамалар қажет», - деді ол.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай кезінде Республика күні мерекесіне ұлттық мейрам мәртебесін беру туралы ұсыныс жасаған болатын. Оның бұл ұсынысы халық тарапынан үлкен қолдауға ие болды.