Елдегі 61 депутат ел Конституциясына өзгерістер енгізуге бастамашы болды
Қырғызстанда бала зорлығы үшін өлім жазасы енгізілуі мүмкін. Депутаттар ел Конституциясына осындай өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі 24kg сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде заңға енетін түзетулер қоғамдық талқыға шығарылды.
Құжат Балалар кодексінің «Балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат бағыттарының бірі – олардың құқықтары мен мүдделерін толық қамтамасыз ету және қорғау баптарын, Қырғызстан заңнамасын, сондай-ақ балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге» негізделген.
Жоба авторлары Қырғызстанда балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар, оның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық фактілерінің саны артып отырғанын атап өтті.
2022 жылдың сегіз айында құқық қорғау органдары:
- жыныстық құмарлықты күш қолдану арқылы қанағаттандырудан кейінгі кісі өлтіру бойынша - 14 жасқа толған жасөспірімге қатысты бір дерек;
- зорлау бойынша – 35 дерек, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты – 15 дерек, 14-тен 18 жасқа дейін – 20 дерек;
- жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша – 25 дерек, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты – 16 дерек, 14-тен 18 жасқа дейін – 9 дерек тіркелген.
«Баланың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар көбейіп бара жатқандықтан, Конституцияда жазаның ерекше шарасы ретінде өлім жазасын қарастыру ұсынылады», - делінген құжатта.
Қырғызстандық депутаттардың айтуынша, әлемде әлі күнге дейін өлім жазасы қолданылатын мемлекеттер бар (мысалы, Беларусь, Қытай, Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, АҚШ-тың көптеген штаттары) және негізгі заңдарында өлімге рұқсат беретін нормалар жазылған, бірақ іс жүзінде қолданылмайды елдер де (мысалы, Ресей, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Алжир, Нигерия, Мали, Гайана) бар.