Харьковте бірнеше жарылыс болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Әкімшілік ғимаратқа соққы жасалған

Көрнекі фото: BBC

Облыс орталығына басқыншылар бірнеше соққы жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қала мэрінің telegram арнасына сілтеме жасап.

«Харьковте бірнеше жарылыс болды. Өте сақ болыңыздар», - деді қала мэрі Игорь Терехов.

Жарылыс Харьков кәсіпорындарының бірінде болған. Алдын ала болжам бойынша әуеден шабуыл әкімшілік-өндірістік ғимаратқа жасалған. Шығынды арнайы мекеме анықтайды.

Облыс орталығында болған жарылысты облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Синегубов растады.

«Харьков тұрғындары, қауіпсіз жерде болыңыз. Ресей басқыншылары облыс орталығына соққы жасады», - деді губернатор.