Қазақстанның Швейцария, Аустрия және Сингапурдағы елшілері тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев үш елге жаңа елшілер тағайындау туралы жарлық шығарды

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Аустрия, Швейцария және Сингапурдағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарлыққа сәйкес:

- Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

- Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

- Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.