Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған – прокуратура

Автор: Azattyq Rýhy

305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген

Фото ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокуратураның дерегінше 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген.

«Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты:

  • ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн;
  • ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;
  • ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн;
  • Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн;
  • ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;
  • ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн;
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;
  • Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн», - делінген Алматы облысы прокуратурасының таратқан дерегінде. 

Облыстық прокуратура тарапы аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіп, құзыретті органдарға шара қолдану үшін жолдағандарын айтты.