Оның барлық құжаты талапқа сай келген
Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованы ресми тіркеп, куәлік тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Лингвистикалық комиссияның қорытындысында Салтанат Тұрсынбекова мемлекеттік тілді еркін білетіні анықталды.
«Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», - деді ОСК отырысында Нұрлан Әбдіров.
ОСК төрағасы айтқандай, құжаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабы 5-тармағына сәйкес заңда белгіленген мерзімде қабылданды.