Путин 4 аймақта әскери жағдай енгізілетінін жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Жарлық Федерация Кеңесіне бекітуге жіберілді

Фото ашық дереккөзден

Владимир Путин бейнебайланыс режимінде Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, Украинаның жартылай оккупацияланған төрт аймағында әскери жағдай енгізілетінін жариялады.

Ресей президенті Украинаның ішінара басып алынған төрт аймағында әскери жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

Әскери жағдай өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларында, Запорожье және Херсон облыстарында енгізіледі.

Путин бұл аймақтарда әскери жағдайдың қанша уақытқа енгізілгенін нақтыламады.

Жарлық Федерация Кеңесіне бекітуге жіберілді.