COVID-19 инфекциясынан 958 адам емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 50 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
19 қазандағы мәлімет бойынша, 958 адам коронавирус инфекциясынан (–817+ және 141 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 102 пациент стационарда, 856 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.