Бүгін еліміздің басым аумағында жаңбыр жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атлантикалық циклон ойпатының ықпалымен және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.

Тек Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республиканың басым бөлігінде тұман, кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында 23-25 м/с жетеді.

Астанада бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 3-8, таңертең және күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +8+10 болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +11+13 болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел батыстан секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +12+14 градус жылы болады.