Димаш Малайзияда жеке концертін өткізеді

Автор: Azattyq Rýhy

Концерт Куала-Лумпурде 19 қарашаға жоспарланған

Фото ашық дереккөзден

Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурде «Axiata Arena Bukit Jalil» аренасында тұңғыш рет «Stranger» жеке концертін береді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Dimash.news парақшасында жарияланды.

Концерттің өтетін күні: 2022 жылғы 19 қараша, басталуы сағат 20:30-да.

Ұйымдастырушы: ACO MEDIA.Билеттерді сату 21 қазанда басталады.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Алматыда Димаш Құдайбергеннің «STRANGER» атты жеке концерті өтті. Бұл Димаштың Алматыда өткізген алғашқы концерті болған еді.