Сол сияқты атыс қаруы да табылды
Полиция қызметкерлерi Шу тұрғынынан 125 келi есiрткi және атыс қаруын тәркіледi, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы ПД Есірткi қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ ЕҚҚІД және ҚР Ұлттық ұлан арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бiрлесiп “Қарасора-2022” және “Рефлекс” республикалық ЖПІШ өткізу барысында Шу ауданының Тарыайдаған құмды дала аймағынан түскен жедел ақпарат бойынша каннабис өсiмдiгiн жинап жүрген Шу ауылының 51 жастағы тұрғыны ұсталды.
Шұғыл тергеу іс-қимылдарын жүргізу, жеке тексеру және іргелес аумақты тексеру барысында ұсталған адамнан жалпы салмағы 7 келiден асатын кептірілген марихуана және салмағы 118 келi кептірілмеген марихуана және 2 грамнан асатын гашиш табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар, оқталған патрон бар 16 калибрлі атыс қаруы, оған қосымша 3 патрон және электрондық таразы тәркіленді.
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған адам кiнәсын толық мойындады. Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баппен мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.