Өңірлерде 46 орталық жұмыс істейді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысында отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жолға қойылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру іс-қимыл жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы жол картасы бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отбасын қолдау орталықтарын құру жөніндегі жұмысты үйлестіру ісі жолға қойылды. Өңірлерде 46 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Оның 36-сы халықты әлеуметтік қорғау басқармалары жанынан ашылған. Орталықтардың қызметіне 90 мың адам жүгінген», - деді министр.
Сондай-ақ бүгінде республика бойынша 41 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Олар еліміздің 18 облысында бар. Жаңадан құрылған Абай және Жетісу облысында мұндай орталық әзірге жоқ.