Сейсенбі күні доллардың ресми бағамы аздап төмендеді
Қазақстанның Ұлттық банкі 18 қазанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбі күні доллардың ресми бағамы біршама төмендеп, 472,92 теңге болды.
Айта кетейік, 17 қазанда америкалық валютаның ресми бағамы 476,89 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы аздап төмендеп, 7,68 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 473 теңгеден сатып алынып, 478 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 473 теңгеден сатып алынып, 477 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 472,92 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 461,24 (еуро)
RUB / KZT – 7,68 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25,45 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 65,67 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,66 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,26 (өзбек сомы).