Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың көп бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде жел күшейеді

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 17 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атлантикалық циклон ойпатының ықпалымен және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте және елдің орталығында антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде жел күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.