«Астана Татарстанда орналасқан, демек Ресей субъектілерінің бірі»: мәскеуліктер арасында сауалнама жүргізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ресейліктер арасында «Астана мен Нұр-Сұлтан қалалары қай елді орналасқан?» деген сауалнама жүргізілді

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде ресейліктер арасында жүргізілген сауалнама жарияланды. Онда қатысушылар «Астана мен Нұр-Сұлтан қайда орналасқан?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қатысушылардың ішінде қала Ресейде орналасқан деп жауап бергендер де бар.

«Ресейде орналасқан. Татарстан Ресей субъектілерінің бірі ғой. Ресейге  тиесілі», - дейді олар.

Видеода сұралғандардың аз бөлігі бұл қалалар Қазақстанда орналасқанын айтады. Бірақ олар екі атаудың бір қалаға тиесілі екенінен хабарсыз болып шықты. Тек бір адам ғана Астана мен Нұр-Сұлтан бір қала екенін дәл айтты.

Айта кетейік, елордамыз Астана қаласы 2019-2022 жылдар аралығында  Нұр-Сұлтан деген атауға ие болды.