Жергілікті полиция әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ
Egovpress Telegram каналында жарияланған видеода «002 vip 05» нөмірлі Rolls-Royce көлігі, сол сияқты нөмірі жоқ автомобильдер жарық сигналды қондырғыларды қосып кортеж ұйымдастырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Видеода кортеж кезінде полиция көлігін де байқауға болады. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл оқиға Алматы облысында болған деп отыр. Ал жергілікті полиция әзірге ешқандай түсінікте берген жоқ.