Бұған ЦДИАӨМ және «Зерде» холдингінің тиісті бақылау жасамауы себеп болған
«Астана Хаб» қатысушыларының қатарына криптовалюта майнингі саласындағы қызметті жүзеге асыратын компаниялар енгізілгені анықталды. Бұл жағдай мемлекеттік аудит барысында құрылтайшылар тарапынан, яғни ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Зерде» холдингі атынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астана Хаб» қатысушыларына салықтық жеңілдіктер беру майнингтік компаниялар үшін «оффшорлық алаңға» айналды. Бұл ретте аталған компаниялардың қызметі «Астана Хаб» халықаралық технопаркінің мақсаттары мен мәніне сай келмейді», - делінген комитет хабарламасында.
Осыған байланысты ЦДИАӨМ-ге:
- «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына, криптовалюта майнингі саласындағы есептеу операциялары және деректерді өңдеу орындау үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті қызмет түрлерінен алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша (жеке ЭҚЖЖ тағайындаумен);
- «Astana HUB» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» КҚ қызметінің миссиясы мен мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан технопарк қатысушыларына түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне және меншікті өндірістің өлшемшарттарына, Технопарк қатысушыларына цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсынуға шектеулер белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Қатысушыларға цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсыну тұрғысынан түгендеу жүргізілді.
Жыл басынан бастап түгендеу нәтижелері бойынша:
- Технопарктің 73 қатысушысымен тараптардың келісімі бойынша технопаркке қатысу қызметінің талаптары туралы шарт бұзылды;
- Технопарктің миссиясы мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға байланысты 10 қатысушы Технопарктен шығарылды;
- Тоқсан сайынғы есептерді ұсынбағаны үшін Технопарктен 25 қатысушы шығарылды.