Мұғалімнің оң қолында гематома пайда болған
Атырауда мұғалімді итеріп жіберіп, құлатқан оқушы есепке алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға 11 қазанда №24 орта мектепте орын алған болатын.
7-сынып оқушылары тарих бойынша БЖБ тапсырады. Мұғалім тапсырманы орындамай отырған оқушыға жақындап, «көмек қажет пе?» деп сұрағысы келеді.
Алайда оқушы дөрекілік танытып, мұғалімді итеріп жібереді. Мұғалім жерге құлап түскен. Мектепке оқушының ата-анасы дереу шақырылды. Олар мұғалімнен кешірім сұрады.
Дәрігердің қорытындысы бойынша мұғалімнің оң қолында гематома пайда болған, қазір ол емделу үшін демалыс алды.
Ал мұғалімді итерген жасөспірім есепке қойылды, ал құжаттары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.