Бүгін Қазақстанның 5 облысында тұман түсіп, күшті жел тұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Осыған байланысты «Қазгидромет» ескерту жариялады

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстанның 5 облысында тұман түсіп, күшті жел тұрады. Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Абай облысының батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

16 қазан күні таң ата және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман түседі.

Оралда 16 қазанда түнде және таң ата тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарына таң ата және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

16 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таң ата тұман түседі.