Жарылыс болған жерде 115 жұмысшы болған
Түркияның солтүстігіндегі шахтада жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 25-ке дейін өсті, деп хабарлады төтенше жағдай орын алған Бартынның жергілікті билігі.
Бұған дейін 22 адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.
Жарылыс Түркияның солтүстігіндегі шахтада болған, үйінділердің астында жұмысшылар қалып қойған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жер астында 300 метр тереңдікте жарылыс болған жерде 115 жұмысшы болған, олардың біразы эвакуацияланған. Түркияның солтүстігіндегі шахтадағы жарылыстан кейін 49 жұмысшы бұғатталды.