Ауруханадан шыққаннан кейін 12 сағаттан соң екі бала белгісіз жағдайда көз жұмған
Рудный қаласында 6 жасар егіз ұлдардың өлімінің себебін анықтау үшін токсикологиялық сараптама жасалып, тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Естеріңізге саламыз, Рудный қаласында ауруханадан шыққаннан кейін 12 сағаттан соң 6 жасар екі бала белгісіз жағдайда көз жұмған. Олардың мәйітін анасы үйінен тауып алған.
Әлеуметтік желіде балалардың есірткіден уланы мүмкін деген хабар тарап жатыр. Алайда бұл ақпарат расталған жоқ. Токсикологиялық сараптама қорытындысы әзірге дайын емес. Қостанай облысы Рудный қаласында екі баланың өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.