Саммит белгіленген ережеге сәйкес төрт жылда бір рет өткізіледі
АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Астанада өткен брифингте Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің келесі саммиті қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қайрат Сарыбай саммит белгіленген ережеге сәйкес төрт жылда бір рет өткізілетінін атап көрсетті.
«Саммит 4 жылда бір рет өткізіледі. Сонымен қатар әр 4 жыл сайын министрлердің кездесуі өтеді. Яғни министрлер кездесуі 2024 жылы, ал келесі саммит 2026 жылы ұйымдастырылады», - деді Қайрат Сарыбай.