Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің төрт өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан екпіні 16 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, Орал қаласында түнде және таңертең дала тұманды болады.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін жел соғады.
Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с құрайды.