Атырауда мектеп жарылады деп жалған ақпарат берген оқушы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқушы директорға «мектепте жарылыс жасаймын» деген хабарлама жіберген  

фото: trmzk.ru

Атырауда жарылыс болатыны туралы жалған ақпарат берген оқушы анықталды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

12 қазан күні сағат 8.20 шамасында Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры «сағат 10.00-де мектепте жарылыс жасаймын» деген хабарлама алған.

Мектеп дереу жеткен полиция қызметкерлері 800-дей оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Алайда білім ордасынан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Тексеру барысында сол мектептің 2008 жылы туған оқушысы жалған хабарлама жібергені белгілі болды. Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.