Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Түркия президентін күтіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға екі күндік мемлекеттік сапармен келді

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды күтіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Режеп Тайип Ердоған елімізге екі күндік мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Президентімен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысына қатысады.

Сондай-ақ Түркия басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысады.