COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам ауыр халде жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 50 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
12 қазандағы мәлімет бойынша, 1 039 адам коронавирус инфекциясынан (–902 + және 137 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 106 пациент стационарда, 933 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.