«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС 16- қазаннан бастап жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын өсіреді. Бұл туралы Azattyq Ruhy «Астық Транс» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС жүктерді тасымалдау кезінде локомотивтік тартым қызметтеріне шекті бағалардың өсуіне байланысты 16 қазаннан бастап жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер құны қымбаттайды.
Естеріңізге сала кетейік, көлік-экспедиторлық қызметтер үшін клиентке ұсынылатын тарифтік ставка «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ темір жол тарифін қамтиды.
«2022 жылғы 16 қазаннан бастап тасымалдау құнының артуы тасымалдаушы тарифінің өсуіне ғана байланысты», - делінген хабарламада.