Президент сайлауы: Тағы екі кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді

Автор: Azattyq Rýhy
фото: ОСК

ҚР Президенттігіне кандидатурасын ұсынған 2 үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Орталық сайлау комиссиясына «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Фатима Бизақова және «Қазақстан әуесқой футболшылары лигасы» қоғамдық бірлестігі атынан Бақыт Маратұлы Жаңабаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттарын тапсырды.