Қызылорда облысында субсидия қаржысын жымқырған лауазымды тұлға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізілген ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегімен облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Мемлекеттік қызметшілер  бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмай, жабдықтар  қойылмай, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген және ақпаратты «Qoldau.kz» жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды  қол қойған.

Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісім-шарт сомасының 10% көлемінде сыйақы үшін жалған құжат әзірлеп, қаржы жымқырған», - делінген агенттік хабарламасында.

Сот шешімімен облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды.