COVID-19 инфекциясын жұқтырған 4 адам ауыр жағдайда жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 26 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
11 қазандағы мәлімет бойынша, 1 029 адам коронавирус инфекциясынан (–894 + және 135 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 111 пациент стационарда, 918 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.