Сонымен қатар 2 мың адам көлік құралын басқару құқығынан айырылды
Алматы қаласы жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері көлікті мас күйінде басқарған 1 мың 560 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сот шешімімен 2 мың 352 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 1 мың 476 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды. Осы жылдың 9 айында ғана Алматыда 2 мың 620 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 2 мың 977 адам зардап шекті, тағы 73 адам қаза тапты», - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.