Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Беларусь саммитке АӨСШК бақылаушы мемлекет ретінде қатысады

Фото: ашық дереккөзден

12-13 қазан күндері Астанада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне 50-ге жуық делегация келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Осы аптада Астанада жоғары және аса жоғары деңгейде бірқатар халықаралық іс-шара өтеді. 12-13 қазан күндері өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне 11 мемлекет басшысы қатысады. Олар – Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Ресей, Палестина, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан басшылары. Бір төрағаның орынбасары, бір вице-президент және 5 министр қатысады деп күтілуде", - деді Айбек Смадияров.

Тегтер: