Атырауда ерлі-зайыптылардан 200 дана психотроптық дәрі-дәрмектері тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Фото: police_atyrau06/ instagram

Атырауда ерлі-зайыптылардан 200-ге жуық трамадол мен трапикамид тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

10 қазан күні сағат 16:00 шамасында Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер ішінде әсері қатты дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 1982 жылы туған әйел адам мен 1987 жылы туған ер адамды анықтап, ұстады.

Ерлі-зайыптылардың пәтерінен қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен ғана берілетін 171 трамадол, 97 тропикамид дәрі-дәрмектері тәркіленді.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты іс-құжаттар жинақталуда. Аталған әйел адам бұрын да дәл осындай құқықбұзушылық әрекеті үшін жауапкершілікке тартылған.