Астаналық жас жігіт сүйіктісінің атынан 2 миллион теңге несие рәсімдеген

Автор: Azattyq Rýhy

Ғашығының телефоны арқылы ноутбук пен бірнеше гаджет сатып алған  

фото: kapital.kz

Астана тұрғыны сүйіктісінің ұялы телефоны арқылы 2 миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, 23 жастағы жігіт қызына айтпай, оның телефоны арқылы компьютерлік және цифрлық техниканы сатып алуға тауарлық несие рәсімдеген. Қыз бұл туралы оның телефон нөміріне ай сайынғы несиені төлеу туралы хабарлама келе бастағанда ғана біліпті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу барысында орын алған жағдайға қыздың кездесіп жүрген жігітінің қатысы бары анықталды. Қызынан телефонын сұрап алған жас жігіт екі миллион теңгеден астам сомаға ноутбук пен басқа да гаджеттерді сатып алуды рәсімдеп үлгерген.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кінәсін мойындады.

Тегтер: