Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады
Алматыда №141 бағыттағы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, жеке тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«10-қазан күні сағат 18:00 шамасында Күдерин көшесімен келе жатқан №141 автобус жеке тұрғын үйге соғылды. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 6 жолаушы зардап шекті», - деп көрсетті Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.