Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Елшіліктің ресми телеграмм-каналында қазақстандықтарға арналған үндеу жарияланды

фото: 24.kz

Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және баспаналарда мен бомба баспаналарында болуға шақырады», - делінген хабарламада.

Елшілік сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады.