Жеребе тарту кезеңінде Қазақстан Н тобына түскен
2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанның ұлттық құрамасы алғашқы ойынын 2023 жылдың наурызында өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Sports.kz сайтының хабарлауынша, 2023 жылдың 23 наурызы күні Қазақстан құрамасы Словения құрамасына қарсы ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионатының жеребе тарту кезеңінде Қазақстан Н тобына түскен. Бұл топта ел құрамасы Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино құрамаларына қарсы ойын көрсетеді.