Қазақстанда өткен тәулікте 28 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 6 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 28 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

10 қазандағы мәлімет бойынша, 1 080 адам коронавирус инфекциясынан (–944+ және 136 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 116 пациент стационарда, 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.