$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ІІМ қазақстандықтарға келіп жатқан SMS туралы түсіндірді

Қазір азаматтарға нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажеттігі туралы SMS-хабарламалар келіп жатыр

ІІМ қазақстандықтарға келіп жатқан SMS туралы түсіндірді
фото: www.inform.kz

ІІМ 1414 сall орталығы арқылы бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген, яғни тіркеуден шығарылған адамдарға жіберіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мұндай SMS-ті алған азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі қажет. Егер сіз SMS алған кезде тіркеуді рәсімдеп қойған болсаңыз, сізге бұл туралы 1414 call орталығына хабарлаудың немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ, өйткені бұл - хабарлау сипатында жасалып жатқан шара.

«Тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тұрғындарды тіркемегені үшін тұрғын үй иелеріне де осындай жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан, егер меншік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркеуден бас тартса, көші-қон қызметіне хабарлауды сұраймыз», - деп еске салды ведомствода.

Серіктес жаңалықтары