А.Лукашенко 6 қазаннан бастап азық-түлік бағасын өсіруге тыйым салды
Беларусь құқыққорғау органдары азық-түлік бағасын өсіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғап жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік бақылау комитетінің қызметкерлері Лида қаласындағы дүкендердің бірінде шұжық 6 қазанда көрсетілген бағадан қымбатқа сатылғанын анықтады. Могилевская облысында да осындай факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Беларусь Президенті Александр Лукашенко 6 қазан күні үкімет мүшелерінің қатысуымен кеңес өткізіп, шарықтаған баға мен ағымдағы инфляция деңгейін сынға алған болатын. Сонымен қатар ол 6 қазаннан бастап бағаны өсіруге тыйым салды және республикада тауар тапшылығы болмайтынына кепілдік беретінін айтты.