Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 393 974 жетті
Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус 39 адамнан анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 1 082 адам емделіп жатыр, олардың ішінде 116 пациент стационарда жатса, 966 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.