Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр – министрлік

Автор: Azattyq Rýhy
фото: mosday.ru

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қатысты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, ал 3 пациенттің жағдайы өте ауыр», - делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар 1 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

Еліміз бойынша коронавирустан 1 099 адам емделіп жатыр.