Конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалар қоғамда кеңінен талқыланды
Биыл Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді. Бұл туралы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.
Комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері бағыттары бойынша Мемлекеттік сыйлықтың екінші кезеңіне өткен 10 жұмысты қарады.
Конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалар қоғамда кеңінен талқыланды. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Комиссия мүшелеріне талқылау қорытындысын баяндады.
Комиссия жасырын дауыс беру арқылы Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады.