Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеті бір тәулікке жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті бір тәулікке жабылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, 2022 жылғы 6 қазан сағат 09:00-ден 2022 жылғы 7 қазан сағат 09:00-ге дейін «Қазығұрт» өткізу пункті (Қазақстан) және «С. Наджимов» (Өзбекстан) шектес өткізу пункті екі мемлекеттің өткізу пункттері арасында өтетін газ құбырларында су сынау жұмыстарын «Узтрансгаз» Акционерлік қоғамының жүргізуіне байланысты азаматтар мен автокөлік құралдарын өтуі үшін жабық болатынын хабарлайды», - делінген комитет хабарламасында.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.