Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері еліміздің спорт саласында жасалған жұмыстардың көңіл қуантатынын айтты
Президентіміздің бастамасымен ел мүддесіне сай жүйелі реформалар қолға алынды. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV Съезінде айтты.
«Әділетті қоғам құру, «халыққа құлақ түретін мемлекет» қалыптастыру жолында елімізде қызу жұмыстар атқарылып жатыр. Талай жыл жауыр болған көп мәселе ретке келе бастады. Президентіміздің бастамасымен ел мүддесіне сай жүйелі реформалар қолға алынды», - деді Дәулет Тұрлыханов.
Дәулет Тұрлыханов спорт саласының да қолдауға ие болып жатқанын ескеріп, жасалған жұмыстардың көңіл қуантатынын алға тартты.
«Спорт саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп, жақсы қолдау көрсетіліп жатыр. Барлық өңірде әмбебап спорт кешендер салынған, аулалар мен қоғамдық орындарда жаттығу жабдықтары мен құрылғылар қойылған. Осы мүмкіндіктерді орынды пайдаланып, ұрпақтарымызды дені сау, мықты қылып өсіруіміз керек», - деді ол.
Бәрімізге ортақ жалғыз ғана Отанымыз, мемлекетіміз бар. Бізді ортақ мақсаттар мен құндылықтар біріктіреді.