Қазақстанда өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Өкінішке қарай, тағы 2 науқас көз жұмды

 

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі COVID-19 статистикасын жариялады. Мәліметтерге сәйкес, 5 қазанда елімізде коронавирус инфекциясының 60 жағдайы расталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Пандемия басталғалы бері елде барлығы 1 393 839 КВИ жағдайы анықталды.

6 қазандағы мәлімет бойынша, 1 129 адам коронавирус инфекциясынан (–997 + және 132 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 010 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Өкінішке қарай, тағы 2 науқас көз жұмды. 

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 4 адамның жағдайы ауыр,

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.