Әлемге әйгілі сәнгер Франка Фенди қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Итальяндық сәнгер биыл 88 жасқа толған

Фото ашық дереккөзден

Итальяндық сәнгер Франка Фенди 5 қазанда Римде 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы la Repubblica газеті хабарлады.

Фенди төрт әпкесімен бірге көптеген жылдар бойы Fendi сән үйін дамыту стратегиясымен айналысып келді.

Компанияны 1925 жылы олардың ата-аналары құрды. 50-ші жылдардың басында бес апалы-сіңлілі басшылықты қабылдады: Паола, Анна, Карла, Альда және Франка.

Франка Римнің орталығындағы тарихи Fendi сату нүктесін басқарды. Паола аң терісін безендіру бойынша сарапшы, Анна дизайнер, Альда коммерциялық директор, Карла  топтың сыртқы нарықтарға шығуы бойынша маман болды.

1965 жылы апалы-сіңлілер Fendi брендінің арт-директоры болған неміс дизайнері Карл Лагерфельдті сән үйіне шақырды.

1999 жылы топ LVMH холдингінің құрамына кірді. Осыдан кейін әолар компаниядағы негізгі рөлдерін жоғалтты. Қазіргі уақытта Аннаның қызы Сильвия Вентурини брендтің ерлер желісінің креативті директоры.