Марқұм автокөлікте жалғыз өзі болған
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, оқиға 5 қазан күні Жаңақала ауданы орталығы Жаңақала ауылынан 4 шақырым жерде болды.
«Сағат 01.30-да Чапаев-Жаңақала жолының 124-шақырымында Жаңақала ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, 1985 жылғы полиция майоры өзінің «Шевроле Кобальт» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында кайтыс болды. Дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді», - делінген хабарламада.
Марқұм автокөлікте жалғыз өзі болған.