Қызылордада 56 жастағы азамат таныс әйелге оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Салдарынан жәбірленуші жансақтау бөліміне жатқызылды

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Қызылордада адам өлтіруге оқталу дерегі анықталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға бүгін, 5 қазанда Қызылорда қаласында болған. 56 жастағы азамат атыс қаруымен 43 жастағы таныс әйелді жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткен.

«Салдарынан жәбірленуші жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған ота жасалып, дәрігерлік бақылауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, күдікті анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.